Қазақстандық сандық үлгідегі жоба әлемге әйгілі WSIS Prizes 2025 байқауында
үздік деп танылды. Біріккен Ұлттар ұйымының қолдауымен Женевада өткен жаһандық
сында еліміздің Президент Іс
басқармасының инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген «Ситуациялық-сараптамалық
кешен» атты инновациялық платформасы өз аталымында топ жарды. Отандық цифрлық
жүйе мемлекеттік сектордағы деректерді талдау, бақылау және жедел басқаруға
бағытталған. Бұл платформа нақты уақыт режимінде еліміздің барлық аймақтары
бойынша әлеуметтік-экономикалық бағытта 500-ден астам индикаторды бақылай
алады. Бұл жүйені пайдаланушыларға стратегиялық шешімдер қабылдауға және
мемлекеттік органдар қызметінің негізгі көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Биыл WSIS сыйлықтарына бір мыңға тарта жобалар
ұсынылған.
Дәурен Нұралиев, ҚР Президентінің Іс-басқармасы инженерлік-техникалық орталығының директоры:
- Бұл жүйе Президент Әкімшілігінің, Президент Іс басқармасының басшылығы
стратегиялық шешімдер қабылдауы үшін елдің барлық индикаторларын қамтиды. Біз
өткен жылдан бастап халықаралық деңгейге шығуды қарастырудамыз. Сәйкесінше,
басқа елдермен әріптестік орнатып, өзара іс-қимыл жасай бастадық. Қазір олардың
нарықтарына шығуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде Президенттің жарлықтарында инженерлік-техникалық
орталықтың кеңйтуді қажет ететін үш
жүйесі бар. Біз оларды жетілдіріп жатырмыз.

