Қазақстандық ғалым адамның бойындағы жасырын инфекцияларды анықтау әдісін ойлап тапты. Ол үшін қан сынамасы алынып, арнайы өңдеуден өткізіледі де, адамның иммундық жүйесі туралы толық ақпарат алынады. Осылайша, жасырын ауруларды анықтап, алдын алуға болады, дейді Нұрлыбек Үдербаев.
Нұрлыбек Үдербаев, дәрігер-хирург:
– Бұл технология арқылы Қазақстан тұрғындары бірнеше аптаның ішінде денсаулық жағдайын анықтай алады. Кімді емдеу керек, тексеру керек және кімге мүлдем тиіспеу керектігін біле аламыз. Сондай-ақ емдеу кезінде бұл процесс қалай жүретінін де бақылауға болады.
Ғалым бұл жүйені патенттеп, авторлық құқығын ресми рәсімдеп алған. Тіпті осы арқылы адамның биологиялық портретін жасап, өз денесінің толық есебін біле алатын арнайы сайт та ашып қойған. Ғалымның әріптестері инновациялық жүйенің әбден жетілгенін айтады.
Игорь Паномарев, онколог дәрігер:
– Біз сканерлеп, белгілі бір адамның биологиясын мұқият қараймыз. Осының негізінде емдеудің қандай әдісін қолдану керектігі туралы шешім қабылданады.
Бұл бірегей технологияны әзірге тек елордада бір ғана клиникада жұмыс істеп тұр. Болашақта оны еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауруханаларына енгізу көзделіп отыр. Жоба авторы санаулы күннің ішінде 18 миллион адамның иммундық жүйесін анықтап алуға болатынын айтады.