Технологиялық нысандар күн сәулесінен қуат алатын қондырғының көмегімен жер астынан су тартуға арналған. Жаңа технологияның шарапатын жергілікті фермерлер көре бастады. Солардың бірі мал шаруашылығымен айналысатын Нұрфараб Өтеген мал суару жұмысы едәуір жеңілдейтінін айтады.
Қайырбек Мейірманов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Біздің өңірде 1 млн-нан астам гектар жерде бетпақ дала бар. Сол жерлерден инвестициялық салымдар, мемлекеттік бағдарлама есебінен 73 құдық қазылды. Жаңбырлатып суару технологиялары бар, одан кейін 55 мүйізді іріқара шаруашылығы бар. 11 қой шаруашылығы биылғы жылға 1 млрд 600 мың теңге жобасында мемлекеттен қолдау алды.
Созақ ауданында мемлекеттік бағдаралма аясында осындай 70-тен аса ұңғыма қазылды. Биыл шалғайдағы шаруаларға да құдық қазылып, күннен қуат алатын қондырғылар орнатылып беріледі.