Қазақстандық оқушылар түрлі міндеттерді орындауға қабілетті робот жасады

Қазақстандық оқушылар түрлі міндеттерді орындауға қабілетті робот жасады

Доңғалақты-тірек механизмі екі айда әзірленген. Дегенмен пішініне қарамастан, ол жеңіл әрі нық қозғалады. Ал, бекітілген көтергіш добы бар қорапты көтеріп, аса дәлдікпен лақтырады. Әзірлеушілердің айтуынша, жоба теориялық тұрғыдан өнеркәсіпте таптырмас құрал-көмекшіге айналуы әбден мүмкін.


Досжан Дайран, Робототехникадан қазақстан құрамасының капитаны:


- Роботты үлкейтіп, оны допты емес, мысалы, бидайды жинауға қолдануға болады. Функциялары қарапайым бірақ жетік болуы керек. Біз көп тәжірибе жасадық, біздің драйверлер роботты басқарып, олқылықтары нжойды. Жарысқа сақадай сай бардық.


Естеріңізге сала кетейік, өнертапқыштар осымен үшінші рет Грекияда өткен роботты техника олимпиадасында әлем чемпионы атанды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 190-ға жуық команда қатысқан FIRST Global Challenge сайысында қазақстандық оқушылар кезекті рекордты жаңалап, ел қоржынын тағы бір алтынмен толықтырды. Сонымен қатар, құрама әділ-қазылардың жоғары бағасына иеленіп, 3 күміс медаль жеңіп алды. Айта кетейік, зияткерлік сайыс барысында отандық құрама рейтингтің бірінші қатарынан түспеді. Бұл орынды да. Себебі отандастарымыз дайындықты ерте бастап, барлық жағынан мықты болды. Жаттығуды пысықтау үшін арнайы полигон да салды. Кейін турнирге қатысу үшін финалдық команда құрылды.


Асылбек Мұрзахметов, Ustem Foundation қоғамдық қорының директоры:


- Биылғы тақырып Фидинг зе фьючер деп аталды, яғни болашақ азық-түлікті сақтау және табу мәселесін талқыладық. Бұл жарыстың өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда мемлекеттің немесе жеке адамның команда ретіндегі сайысы жоқ. Қатысушы басқа екі топпен шығады. Халықаралық кезеңде сіздің жеңісіңіздің 60 проценті осы екі елден келген командаға тәуелді болады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева