Екі бірдей қазақстандық команда NASA-ның ғарыш қосымшалары байқауына қатысады

Екі бірдей қазақстандық команда NASA-ның ғарыш қосымшалары байқауына қатысады

Қазақстандық студенттер NASA-ның халықаралық ғарыштық қосымшалар байқауына қатысуда. Қазір әлемдік кезең басталып, онда номинанттардың жобалары қаралуда. Оның қорытындысы бойынша финалистер анықталады. Ал жеңімпаздар келесі жылдың қаңтар айында жарияланады. Айта кетейік, өңірлік кезең өткен қазан айының басында бүкіл әлем бойынша ұйымдастырылды. Өздерінің ғарыштық жобаларын 150 астам елден 9 мыңға жуық команда ұсынды. Барлығы 940 топ іріктелді. Оның екеуі қазақстандық.

 

Серік Жартыбаев, Павлодар қаласының ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы:

- Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Роман Устименко мен Жан Бейсекеев, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің оқушысы Игорь Мартынюк 3D-сайт әзірлеп, нақты деректерге негізделген ғаламшарлардың қозғалысы бейнеленген күн жүйесінің моделін жобалады. Тіпті Curiosity ғарыш құрылғысының бейнежазбалары тікелей трансляцияланады. Қазақстандықтар бұған дейін де бұл байқауда өз күштерін сынап көрді. Брақ әзірге әлемдік кезеңге ешкім өтпеген. Сондықтан біздің студенттерді дәнекер болды деп санауға болады.

 

Жан Бейсекеев, жоба авторы:

- Біз күн жүйесінің макеті бар веб-сайтты жасап шығардық. Онда біздің ғаламшарымыздағы әрбір ғарыш нысаны туралы толық ақпарат алуға болады.  Барлық жиналған деректер қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылған.

 

Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?