Қазақстандық оқушы тасқыннан көпірлерді қорғаудың жолын тапты

Қазақстандық оқушы тасқыннан көпірлерді қорғаудың жолын тапты

Қазақстандық оқушы көктемгі тасқыннан көпірлерді қорғаудың жолын тапты. Былтырғы қауырт маусымнан кейін Виктор Рыжков су деңгейінің көтерілуіне жауап беретін инновациялық жүйені әзірлеуді қолға алды. Көпір конструкциясы қатты ағын кезінде көтеріліп, су басу қаупі жойылғанда қайта төмендейді. Жүйе адамның қатысуынсыз, толықтай автоматты түрде жұмыс істей алады.


Виктор Рыжков, оқушы:


- Сұйықтық датчигі белгілі бір биіктікте орнатылады. Су деңгейі қауіпті межеге жеткенде ол Arduino бақылау құрылғысына белгі береді. Ол қызметтік жетектерді басқарады, яғни көпірді көтеретін қозғалтқышқа әсер етеді. Жалпы аталған жүйе тікелей көтеріліп-түсетін көпір, оның тіректері және су арнасының қызметін атқаратын сыйымдылықтан тұрады.


Оныншы сынып оқушысы бұл ойын жүзеге асырмас бұрын, әлемде кезігетін  көпір құрылысының үздік үлгілерін зерттеп шыққан. Айтуынша өнертабысының баламасы жоқ. Виктор тек бірегей ойы шынайы өмірде жүзеге асырылады деген үмітте.


Виктор Рыжков, оқушы:


- Біз осындай көпір салуға болатынын дәлелдегіміз келді. Бұл жоба халыққа көмектеседі деп ойлаймын. Себебі су тасқынынан көп шығынға баттық. Болашақта адамдар осындай көпір түрлеріне назар аударады деп сенемін

Болашақта жас өнертапқыш өз моделін жетілдіруді жоспарлап отыр. Ол көпірге сатылы көтеру жүйесін қосып, радиомодульді интеграцияламақ. Бұл модуль төтенше жағдайлар қызметіне автоматты түрде хабарлама жіберіп отырады. Айта кетейік, Smart Bridge жобасы республикалық инновациялық жобалар байқауында бірінші орын иеленді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?