Астанада бірегей ғылыми-креативті хаб ашылды

Астанада бірегей ғылыми-креативті хаб ашылды

Астанада Орталық Азиядағы алғашқы ғылыми-креативтік хаб ашылды. Ол Назарбаев Университеті базасында құрылып, жаңа креативті экономика жобаларын қолдауға бағытталған. Өnergy Creative Hub ішінде - цифрлық контент пен кинодан бастап биодизайн, тіпті гастрономияға дейінгі салаларды қамтыған алты зертхана бар. Бұл бағыттар жаңа жобаларды бизнес пен қалалық ортада қолданысқа енгізуді көздейді. Хаб коворкинг пен резиденттік жүйені қамтыған. Бұл қатысушыларға өз идеяларын дайын бизнес-өнім деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді. Мұнда медиаконтент әзірлеуге немесе өнер саласындағы жобаларды дамытуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, нутрициологтардың қатысуымен эксперименттік мейрамхана сынақ режимінде жұмыс істей бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, хаб ғылым мен креативті индустрияның нақты экономикалық нәтижеге бағытталған өзара әріптестігінің жаңа моделін қалыптастырады. Жалпы, жоба талантты жастарды қолдау және жаңа идеяларды дамып, нарыққа шығару платформасына айналуы тиіс.


Вакар Ахмад, Назарбаев университетінің президенті:


- Идеяның мазмұны шығармашылық симбиоз шеңберінде ғылымды мәдениет, өнер және басқа да салалармен кіріктіру болып табылады. Бұл жобада оқытушыларымызбен, студенттерімізбен, ғалымдарымызбен, өнер адамдарымен бірлесіп, біздің алдымызда тұрған көптеген міндеттер шешіледі, жаңа бастамалар жүзеге асырылады.


Жанайдар Мапан, Медиа-зертхана жетекшісі:

- Сіз өзіңіздің қандай да бір оқиғаңызды, немесе қандай да бір инфографиканы және тағы басқаларды бейнелеп көрсете алатын немесе оны абстракция ретінде пайдаланатын аймақ ұсынылған. Біріншісі - қара циклорама, ол өте терең қара түс береді, оған сіз, жалпақ тілмен айтқанда, қандай да бір жарнамалық роликтерден бастап, әлдебір қызықты, терең портреттерге дейін бейнелей аласыз. Біз сондай-ақ подкаст түсірілімдерді, қандай да бір деректі оқиғаларды толығымен сүйемелдей аламыз. Жобалар тек Астанамен ғана шектелмейді, жалпы Қазақстан және Орталық Азиямен жұмыс істей аламыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?