Алматыда «Жасанды интеллект әліппесі» жарық көрді

Алматыда «Жасанды интеллект әліппесі» жарық көрді

Алматыда жасанды интеллект туралы қазақ тілінде кітап жарық көрді. Автор басылымда нейронды желі тақырыбын қарапайым тілде жеткізуге ерекше мән берген. Кітаптың алғашқы бөлігі жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарына арналса, қалған бөлімдерінде оны қолданудың тиімді тәсілдері баяндалады. «Жасанды интеллект әліппесінде» медицина мен білім беруден бастап бизнес пен медиаға дейінгі түрлі қызмет салаларының өкілдері үшін мемлекеттік тілде мыңнан астам дайын сұраныс жиналған. 1 000 данамен жарық көрген басылымның санын алдағы уақытта арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, оны өзбек, қырғыз және әзербайжан тілдеріне аудару да межеленіп отыр.


Мейіржан Әуелбекұлы, Кітап авторы:


- 2022 жылдан бері осы тақырыпты зерттеп жүрмін. Бұл үш жылдық осы саланы зерттеудің, ізденістің, еңбектің жемісі деп ойлаймын. Бұл енді жасанды интеллект саласындағы ақпарат беретін тұңғыш кітап. Бұл кітап арқылы керемет бір маман болып кетпейді, бірақ жасанды интеллектің не екенін түсінеді, онымен жұмыс істеуді түсінеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?