Солтүстік Қазақстан өңірінің тұрғыны 200-ден астам түрлі музыкалық аспап жинаған. Қазір Юрий Бакайдың қорында домбыра, гитара, скрипка, балалайка сынды шертпелі, флейта, ксилофон тәрізді басқа да үрлемелі, ұрмалы аспаптардың сан алуан түрі сақтаулы. Олардың қатары жыл сайын толығып келеді. Аспаптарды табу үшін отандық коллекционер ел аралап, тіпті жиі шетел асып кетеді. Бірегей жәдігерлердің ішінде түрлі тарихи кезеңдерді өткеріп, өткеннен сыр шертетін аса құнды экспонаттар да аз емес. Олардың бірі екінші дүниежүзілік соғыстың куәгері, сұрапыл жылдарды әуелеп жырға қосқан мына аккардион. Оны ардагер ағасы сыйға тартқан. Музыкант бәз-баяғы қалпында сақталған ескі аспап әлі бабында екенін айтады.
Юрий Бакай, Коллекционер:
- Мына аккардионды екінші дүниежізілік соғысқа қатысқан Подлобко Илья Васильевич өзімен бірге ала келді. Маған мұра ретінде бұйырды. Міне мына жерде солдаттың белдігі бар. Ескі болған соң, аспаптың тесілген жерлері жамалған. Бастысы дыбысы жақсы шығады.
Сонымен қатар ауылдық балалар ансамбліне жетекшілік етеді. Дарынды өрендер тек баянда ғана емес, өзге де аспаптарда ойнайды. Қазір өнер ұжымы шетелдік байқауларға қатысуға қамдануда.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

