Қазақстан беделді халықаралық
арт-шара - 61-ші Венеция биенналесіне қатысуда.
«Qoñyr: тыныштық мұрағаты» көрме жобасын қамтыған ұлттық павильон Мәдениет және
ақпарат министрлігінің қолдауымен шетелдік аудиторияға ұсынылды. Жоба «In Minor
Keys» фестивалінің негізгі тақырыбын бейнелейді. Қазақ халқының философиясында Қоңыр
түсінің мәні әлдеқайда терең. Оның метафорикалық мағынасы естелік, мәдени
сабақтастық және заманауи өнер тілі арқылы тарихты сөйлету тақырыптарын ашады.
Сырлыбек Бекботаның жетекшеілігімен 10 қазақстандық суретші өз еңбектерін осы
тақырып төңірегінде бейнеледі.
Сырлыбек Бекбота,
жоба кураторы:
– Ең соңғы бөліміміз
Ардақ Мұқанова дейтін жас суретшіміз бар, жаңа медиа бойынша жұмыс жасайды.
Оның жұмысының атауы «Қоңыр Әулие. Тыныш тереңдікке бойлау» деп аталады. Яғни
біз, біз дала көшпенді мәдениетімізден бір қарай бір өткен тарихи өзміздің
процесстеріміздің барлығын қамти отырып және жиі аңызымыз бойынша, біздің қайта
оралатын тақырыбымыз - әулие әнбилер. Соларға кіре отырып, қайта туу процессін
көрсеткіміз келеді.
Көрген жанды бірден баурап алатын
экспозиция түрлі дыбыстық сүйемелдеу, бейнеинсталяциялар, жылқылардың алып
мүсіндері, қазақ күйі және дала өсімдіктерінің хош иісі сынды көрнекіліктер
арқылы қонақтарды сайын далаға жетелейді.
Беделді форумға қатысу еліміз үшін дәстүрлі және заманауи өнердің
сабақтастығын паш етіп, өз мұрасын жаһандық мәдени алмасуға ықпалдастыруға
мүмкіндік береді. Көрермендер отандық шеберлердің жарқын бейнелерін 9 мамыр мен
22 қараша аралығында тамашалай алады.
- Біз қазақ
өнерінің табиғи элементтерді терең философиялық ұғыммен, материалдық болмысты
руханиятпен қаншалықты үйлесімді байланыстыра алатынына куә болдық. Мен үшін Қазақстан – рухани сұлулықты сезінуге
мүмкіндік беретін ел. Ұсынылған жұмыстар ел мәдениетін, тарихын, дәстүрі мен
заманауи өнерін біріктіреді. Мұнда бірегей көркем бейнелер мен көрнекіліктер
туған жерге деген сүйіспеншілікті оятады.
- Венециялық биенналедегі Қазақстанның павильонын міндетті түрде көру керек деп айтқым келеді. Біз мұнда өнер мен мәдениеттің халықтың жаны мен бірегейлігіне қалай әсер ететінін көрдік. Мұнда киізден жасалған таңғажайып инсталяциялар ұсынылған, меніңше, бұл дүние материалдық және рухани мұраны біріктіреді.
- Мен Қазақстанның Вененциядағы павильонын тамашаладым.
Мен үшін керемет тәжірибе. Ұсынылған өнер туындыларының арасындағы байланыс
ұнады. Павильонның ортасындағы инсталяция шын мәнінде терең әсер береді. Мен
павильонды түгел аралап көрдім – барлығы керемет, маған өте ұнады.

