Төл тарихты түгендейтін ауыл мектебінің мұғалімі. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Жәнібек Әбілпейісов ақын-батырлардың атақонысы, ескерткіштері мен құлпытастарын киелі жерлер картасына түсірген. Батырдың бес қаруын жинады. М. Өтемісов атындағы негізгі мектеп жанындағы мұражайдың меңгерушісі көне жәдігерлердің көбін жеке қаражатына сатып алған. Тынбай ізденіп, музей қорын тың дүниелермен толықтырып жүр.
Жәнібек Әбілпейісов, «Жерұйық» өлкетану музейінің меңгерушісі:
- Музейіміздегі ең көне жәдігер біздің эрамыздың 621 жылы шыққан Қытай императоры, сол кездегі патша Таң Шуан Жонг падишаның тиыны. Бұл тиын біздің жеріміздің көне Жібек жолының нағыз қызған сауда керуендерінің жүргенін дәлелдейтін көне жәдігер болып табылады.
Ол сүйікті ісіне шәкірттерді баулып, өлкетану жұмыстарын жандандырып келеді. Оқушылардың тарихи жадын жаңғырту үшін шежірені ұғындырады. Өткеннен сыр шертетін жәдігерлерді іздеу жұмыстарына жұмылдырады.
Бекет Әжіғалиев, оқушысы:
- Біз экпедицияға 2022 жылдан бері қатысып келе жатырмыз. Соның ішінде
Жапаркелді батырдың құлпытасын іздеуге қатыстық. Онда көптеген қызықты заттарды
таптық. Көрші өңірдің тарихымен де таныстық.

