Қазақстан осы
жылдың алғашқы 8 айында жалпы құны 30 млрд долларға жуық бағаланған 47 жарым
млн тонна мұнайды экспортқа шығарды. Статистика бюросы таратқан мәліметтерге
сай осылайша сырт елдерге тасымалданған отандық қара алтынның көлемі 3% артқан.
Қазақстандық шикізаттың негізгі тұтынушысы
– Италия. Ірі сатып алушылардың қатарында Оңтүстік Корея, Нидерланды мен Қытай бар.
Сондай-ақ Румыния, Франция, Греция, Сингапур, Швейцария және Израиль де бізден
бұл өнімді импорттау көлемін ұлғайтқаны байқалады. Энергетика министрлігінің дерегінше, 2023
жылдың сегіз айында елімізде 50 млн тоннадан астам мұнай өндірілген. Жыл
қорытындысы бойынша көрсеткішті 90 млн
тоннаға жеткізу межеленген. Бұл ретте экспорт 70 млн тоннадан асуы мүмкін.