Қазақстанда күнбағыс тұқымын елден шығаруға шектеулер енгізілді

Қазақстанда күнбағыс тұқымын елден шығаруға шектеулер енгізілді

Бүгіннен бастап Қазақстан күнбағыс тұқымын экспорттауға шектеулер енгізді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Квота қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Хабарламада айтылғандай, мұндай шаралар республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Ал бүгінде кедендік рәсімдерден өтіп жатқан тауарларға аталған шектеулер қолданылмайды.