Жалпы құны 5,4 трлн теңгені құрайтын 562 жоба. Бұл – Алматы облысының 2025 жылға дейін қалыптастырылған инвестициялық портфелі. Нәтижесінде инвестицияның үлесі 30% артады.
Бүгінде жоспардың жартысынан астамы еңсерілген. Аймақ басшысы Амандық Баталов арнайы брифинг барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Оның айтуынша, жыл соңына дейін ғана облыс экономикасына 800 млрд теңгеден астам инвестиция тарту көзделген. Қазір оның 1,6% өсіммен 127 млрд теңгесі құйылған. Жыл соңына дейін өндіріс көлемі де артып, 1,2 трлн теңгеге жеткізу межеленген. Шикізаттық емес экспорт 6% дейін ұлғаймақ.
Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:
- Жыл басынан бергі 4 айда облыста барлық негізгі салада өсім қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15,3%, құрылыс жұмыстары 4,2%, сауда 3,7%, ауыл шаруашылығы 0,5% ұлғайды. Мемлекет бюджетіне 220 млрд теңге мөлшерінде түсім түскен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов