Қазақстандық тауар өндірушілер жаңа нарықтарды игеруде. Біздің елде жасалған өнім енді Қытайдың ірі өңірінің аумағында да сатылады. Жуырда Цзянсу провинциясында көпфункционалды сауда орталығы ашылды. Оның бір павильоны қазақстандық кәсіпкерлерге, негізінен азық-түлік өндірушілерге бөлінген. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Арман Шаққалиев хабарлады. Сөрелерде 50 отандық компанияның өнімі ұсынылған. Бір сағат ішінде отандық тауарлар 15 мың долларға сатылды.
Айта кетейік, орталық тек Қазақстан ғана емес, Орталық Азияның басқа да елдеріне жол ашады. Сонымен қатар, біздің республика мен Қытай Астанада осындай мультифункционалды орталықты іске қосу мәселесін талқылауда.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
– Цзянсу провинциясы біз үшін Бейжің мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округінен кейінгі үшінші сауда серіктесі. Бізде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету бойынша өте үлкен әлеует бар. Ағымдағы жылдың 7-айында осы провинциямен тауар айналымы 1,7 млрд доллардан асты.