Қазақстанның негізгі капиталына инвестиция жарты жыл ішінде 6,7 трлн теңгеге жетті

Қазақстанның негізгі капиталына инвестиция жарты жыл ішінде 6,7 трлн теңгеге жетті

Биылдың алғашқы 6 айында Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі 6,7 трлн теңгеге жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы соманың ширек бөлігі, нақтырақ айтсақ, 23,5% тау-кен өндірісі секторы мен карьерлерді барлауға бөлінді. Қаражат тарту бойынша екінші орында – жылжымайтын мүлік, ал үшінші орында – көлік пен жүк қоймалары секторлары жайғасты. Инвестицияның негізгі көзі – аталған нысандардың иелерінің жеке қаражаты.