Қазақстанның Ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасына әзір. ҰОК төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді. Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады.
Оның айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитеті, Азия Олимпиада кеңесі және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланыс жандануда. Сонымен қатар, Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.