Сенат жер қойнауын пайдалануды жетілдіруге бағытталған заңды мақұлдады

Сенат жер қойнауын пайдалануды жетілдіруге бағытталған заңды мақұлдады

Қазақстанда уран өнеркәсібі саласындағы ұлттық компанияға жаңа кен орындарын игеруде басым құқық беріледі. Сенат жер қойнауын пайдалануды жетілдіруді көздейтін заңды мақұлдады. Құжаттың мақсаты - геологиялық зерттеуді жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты арттыру, сондай-ақ мемлекеттің уран саласындағы мүддесін қорғау. 2024 жылы Қазақстан әлемдік уран өндірудің 40% қамтамасыз етті, бұл шамамен 23 мың тонна. Елімізде 1,3 млн тоннадан астам барланған уран қоры бар. Сыртқы нарық сұранысын қамтуға алты ірі уран кеніші пайдаланылады.

Шәкәрім Бұқтұғұтов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ядролық отынға сұраныстың өсуін ескерсек, әсіресе, еліміздегі жаңа атом электр станцияларының құрылысына орай уранның стратегиялық қажеттілігін есепке алуымыз керек. Заңда уран қоры анықталған аумақта өзге қазба байлықты іздестіруге, уран өндіру кенішіне тиесілі аумақта үшінші тараптарға кен барлауға лицензия беруге тыйым салу қарастырылған. Бұл нормалар уранның стратегиялық қорына мемлекеттік бақылауды күшейтуге және әртүрлі кен өндірушілердің мүдделері бір-біріне қайшы келмеуіне бағытталған.

Заңда аз зерттелген аумақтарда геологиялық барлау жүргізу ерекшеліктері мен аукцион өткізудің жеделдетілген тәртібі белгіленеді. Маңызды бағыттардың бірі — күрделі технологияны талап ететін тақтатас мұнайын өндіру  тетіктері қарастырылған. Заңнамада бұл салаға қаржы мен технология жұмылдыруға ниетті иинвесторлар үшін жетілдірілген модельдік келісімшарт енгізу көзделген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Арнайы түзетулер мұндай аумақтарда зерттеулер жүргізу үшін инвесторларды ынталандыру шаралары қарастырылды. Сонымен қатар, уран өндіру саласында ұлттық мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ететін нормалар да бар. Жалпы, заң көмірсутектер мен уран өндірісі сияқты жетекші салаларының тұрақты дамуына оң септігін тигізеді деп сенеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?