Қазақстанның 13 ЖОО әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді

Қазақстанның 13 ЖОО әлемнің үздік университеттерінің қатарына енді

Қазақстан QS World University Rankings пәндік рейтингінде тарихи рекорд орнатты. Еліміз ұсынылған пәндер мен жоғары оқу орындарының санын 13 дейін кеңейтіп, өз позициясын нығайтты. Зерттеуге әлемнің 100 еліндегі 1900 университеттен 21 мыңнан астам білім беру бағдарламасы ұсынылды. Орталық Азия Жоғарғы Оқу Орындары арасында ең үздік көрсеткіш - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне тиесілі. Ал, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 4 салалық және 23 пәндік рейтингке кірді. Одан кейінгі орынды 15 пән бойынша рейтингке енген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті иеленген. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы да үздіктер қатарында. Министрлік атап өткендей, қазақстандық білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігі артып келеді, әрі елдің өңірдегі білім орталығы мәртебесі нығаюда.


Олжас Беркінбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі:

- Бұл қазақстандық жоғарғы оқу орындарының жахандық деңгейге еніп жатқан нәтижесі. Екінші, бұл аталмыш университеттердің шетелдік серектестерімен байланыс кезінде рейтингіне әсер етеді. Яғни, ол жерде шетелдік қос дипломды, академиялық ұтқырлықты, одан бөлек түрлі гранттармен мүмкіндіктерге беру нәтижесінде осы рейтинг тікілей баламасы. Үшінші, жұмыс берушілерге талап. Төртінші, енді университеттер өздеріңіз білесіздер қазір тек қана білім беру ошағы емес, инвестиция мүмкіндігіне айналып отыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?