Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдың Цзянсу провинциясымен жалпы құны 20 млн доллар болатын бірқатар экспорттық келісімшартқа қол қойды. Отандық бизнес аспан асты елінің аталған өңіріне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге уағдаласты. Алып нарыққа енді бізден мал азығы, макарон және кондитерлік өнімдер тасымалданбақ. Келісімдер Нанкин қаласында «Қазақстан - Цзянсу» іскерлік форумының аясында жасалды. Кездесуде тараптар сауда, өндірістік әлеуеті және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және
интеграция министрі:
-Біз сұранысқа байланысты
Қытайдың провинцияларының әрқайсысымен жеке байланыс орнату үшін Цзянсу
провинциясына келдік. Негізі Цзянсу провинциясы 552 млн доллардан асатын сомаға
тауар импорттайды. Осы провинцияға Қазақстандық компаниялардың тауарларын экпорттау
мүмкіндігі мол.