Қазақстанда шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдау 7 айда 200 млрд теңгеге артып, 400 млрд теңгеге жуықтады. Президент тапсырмасына сәйкес, елде «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ұсынатын экспорттық-кредиттік агенттік құрылды. Қолдау көрсетілетін барлық жобалардың 70% астамы шағын және орта бизнеске тиесілі. Бұл ретте орташа және жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 83% жетіп отыр. Салалық министрліктің дерегінше, отандық өнімді ілгерілету үшін шетелдік кеңселер ашылуда. Мұндай сауда мекемелері Қытай мен Өзбекстанда бар. Сондай-ақ, халықаралық маркетплейстермен де белсенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік демеу тетіктеріне қол жеткізу үшін жергілікті өндірушілердің тізілімі қалыптастырылуда.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Сауда саласы қарқынды
дамып келеді, 2025 жылғы қаңтар-шілдеде оның өсімі 8,6% құрады. Ал биыл қаңтар-маусымда
саладағы инвестициялар көлемі 37% артып, 430 млрд теңгеден асып жығылды. Саудаға 800 мыңнан астам бизнес субъектісі
тартылған. Олар бір жарым млн астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

