Қазақстанда жақын уақытта дәнді дақылдар жинау аяқталады. Бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігінің берген мәліметінше, 17 млн-нан аса гектар жерде жиын-терім аяқталды. Барлық тұқым егілген жердің аумағы 24 млн гектарға жуықтаған. Былтырмен салыстырғанда бұл 652 мың гектарға көп. Облыс әкімдіктерінің ақпараты бойынша 11,5 млн тонна астық өңделді. Сонымен қатар шаруалар 2 млн гектардан астам майлы дақыл жинады. Оның ішінде, күнбағыс – 943 мың тонна орылды. Картоп қорын да шаруалар толыққанды алып үлгерді. Айта кетер жайт, Қазақстанның өзге елдерге астық экспорты 8 ай ішінде 1 млрд 360 млн долларға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 23% көп. Бұндай нәтиже 2011 жылдан бері тіркелмеген. #жиын-терім #шаруа #экономика #дәнді дақыл 1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба? Иә Жоқ Күнделікті қолданамын Спасибо за участие! Сондай-ақ Қазақстан Еуропалық одаққа бал экспорттайды Қазақстан шетелге экспортты арттырды Қазақстан даму банкі Чехияның екі қаржы институтымен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды Мұнай бағасы рекордты деңгейде қымбаттады Қазақстанда жол саласына арналған 79 жаңа материал сынақтан өтеді АДБ Қазақстанның 2023 жылдың ЖІӨ өсіміне қатысты болжамын жақсартты