Қазақстандық кәсіпорындар «Иннопром. Беларусь» көрмесінде өнеркәсіпті цифрландыру саласындағы инновациялық әзірлемелерін паш етті. Олардың ішінде кіріктірілген нүктелік жер өңдеу, қанықтыру және навигация жүйесі бар комбайндар мен тракторлар, өндірісте қауіпсіздікті арттыруға арналған «ақылды» каскалар және медицина мен білім беруде ендірілген жасанды зейін негізіндегі шешімдер бар. Минскіде қанат жайған отандық павильонда машина жасау, химия және құрылыс салаларының 20 жетекші кәсіпорынының төл өнімдері мен бірегей стартап жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде еліміздің премьер-министрі сөз сөйледі. Олжас Бектенов Қазақстан инновациялық және цифрлық экономиканы қалыптастыру жолымен келе жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, диджитал шешімдер өңдеу өнеркәсібі саласында белсенді қолданылады. Соңғы жылы мұндай компаниялардың саны 3,5 есе өсті. Тау-кен металлургиясы, мұнай-газ секторы, машина жасау саласы да AI технологияларын енгізу қарқынын арттыра түскен.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында сандық жаңғыртуды жүзеге
асыру үшін экономиканың барлық салаларына жасанды интеллектіні енгізуді
жеделдету жөнінде стратегиялық міндет қойды. Ол үшін біз деректерді өңдеу орталқтарын,
сенімді байланыс арналарын және заманауи технопарктерді қамтитын цифрлық
архитектураны қалыптастырып жатырмыз. Олардың бірі электр және жылу желілерін
диагностикалау үшін жасанды интеллект технологияларын міндетті түрде енгізу
болды. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі цифрландыру жолына сенімді түрде аяқ
басты.

