Сенат Түркі академиясын орналастыру шарттары мен тәртібін реттейтін заң қабылдады

Сенат Түркі академиясын орналастыру шарттары мен тәртібін реттейтін заң қабылдады

Түркітілдес мемлекеттер Кеңесіне мүше елдердің ынтымақтастығын нығайту және Қазақстанның түркі әлеміндегі рөлін арттыру. Сенат депутаттары елорда аумағында Түркі Академиясын орналастыру шарттары мен тәртібін реттеуге бағытталған заңды қабылдады. Құжатты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырды. Оның айтуынша, келісім елімізге жұмыс істеу кезеңінде Түркі академиясының мүлкі және қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін айқындауға мүмкіндік береді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және Ғылым Министрі:

- Бұл академия 10 жылдан астам уақыт бойы штаттық режимде қалыпты жұмыс істеп келеді. Сондықтан да бүгінгі заң қабылданғаннан кейін Түркі академиясының құрылымына немесе оның саясатына өзгерістер әкеле қоймайды. Себебі, бұл құжат иммунитет, артықшылық мәселелерін және академияның штаттық пәтерінің жұмысын тек Нұр-Нұлтан қаласында орналасуын бекітетін заң.

Еске сала кетейік, Түркі академиясын құру туралы келісімге 2012 жылы 23 тамызда Бішкекте өткен түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 2-саммиті барысында қол қойылды. Қазақстан құжатты екі жылдан кейін, яғни  - 2014 жылы 15 қазанда ратификациялады. Сол жылдың 28 тамызында Түркі академиясы Қазақстандағы халықаралық ұйым ретінде ресми тіркелді.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов