Қазақстанға Әзербайжан Президенті мемлекеттік сапармен келді. Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Астана әуежайынан күтіп алды. Ертең
президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық
кеңесінің екінші отырысын өткізеді.

