Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар мен сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар мен сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Қазақстан әскері ең озық қарумен және техникамен жарақтандырылып жатыр. Қорғаныс өнеркәсібі кешені дамып келеді. Сарбаздардың әзірлігі әрдайым шыңдалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күніне орайластырылған салтанатты жиында айтты. Қазақ - болмысынан жаужүрек халық. Шын мәнінде, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді, - деді Президент. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам азаматымыз аттанды. Олардың жартысы ұрыс даласынан оралған жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тыл еңбеккерлері күн-түн демей тер төкті. Осылайша, халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Жеңіс мерекесі ерен ерлікті паш етеді. Сондай-ақ, бейбіт өмірдің, бірлік пен ынтымақтың маңызын ұғындырады. Жеңіс күні арқылы ұрпаққа берілетін ең басты тағылым. Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары. Қарулы Күштер еліміздің тәуелсіздігін, тыныштығы мен тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Құқық қорғау органдары заң мен тәртіпті, арнаулы қызметтер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді. Құтқарушылар ел-жұрттың амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүр.

Президент Қазақстан бейбіт мемлекет екенін баса айтты. Барлық елмен достық қатынас орнатты. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті. Олар Отанға адал қызмет етудің үлгісі болуы тиіс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?