Аруан Анартайдың дебюттік жұмысы
талантты жас режиссерлерді жарыққа шығаруды көздейтін секцияға таңдап алынды.
Туынды авторларының айтуынша – «Жоқтау» өмір мен өлім, ұрпақ сабақтастығы
тақырыбын көтереді. Роуд-муви жанрындағы фильм ұзақ уақыт шетелде өмір сүрген
және өзін нағыз шетелдік сезінетін жас қазақ ғалымның өмір жолын баяндайды. Айта
кетейік, 77-кинофестиваль Швейцарияның Локарно қаласында 7-17 тамыз
аралығында өтеді. Әр картина 5 ретке дейін түрлі алаңдарда көорсетіледі.
Сондай-ақ, туындының Қазақстанда премьерасын өткізу жоспарда.