Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясында бүгін елімізде мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтіледі. Ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдени мұрамыздың құндылығын арттыру мақсатында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Астана тұрғындарына «Селтеткізер» сыйлығы ретінде керемет қолөнер бұйымдарын сыйға тартты. «Селтеткізер» бағзы заманнан ер-азаматтарға «Ұйқыашар» арнайы тағамын дайындаған бойжеткендерге берілетін сыйлық. Айта кетейік, ұлттық оюлармен безендірілген бұйымдар қала тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Әйгерім Спанәлі, Қала тұрғыны:
- Бізге өте қатты ұнады. Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алғысым шексіз!
Диана Сәуірдинова, Қала тұрғыны:
- Барша қазақ елін келіп жеткен наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Дана Балтабай, Қала тұрғыны:
- Керемет көңіл-күйде болдым! Барша қазақ халқын осы өтіп кеткен көрісу күнімен құттықтаймын! Келе жатқан өзіміздің керемет жаңа жылымыз 22 наурыз мейрамымен құттықтап өткім келеді!
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

