Музыканттар төрт ірі қалада – Рио-де-Жанейро, Белема, Гоянияда және ел астанасында концерт берді. Пианист Тимур Урманчеев, скрипкашы Мақсат Жүсіпов және виолончельші Мұрат Нарбеков гастрольдік сапар барысында еуропалық классикалық музыка жауһарларын, сондай-ақ қазақтың халық әндері мен қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын өңдеп орындады. Ұжым жергілікті музыканттарға шеберлік сыныбын да көрсетті. Сонымен қатар енді, қазақ музыкасы Бразилия оркестрлерінің тұрақты репертуарына енеді.
Тимур Урманчеев, мемлекеттік «Forte Trio» триосының жетекшісі:
Біздің гастрольдік сапарымыз, ең алдымен, елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды орнатуға арналды. Себебі, Бразилияда көптен бері біздің елден әншілер де солистер де өнер көрсетпеді. Соған қарамастан, біз мәдениеттер арасындағы көптеген байланыс нүктелерін таптық, барлық концерттер толық аншлагпен өтті.
Мигел Кампуш Нету, «Theatro Da Paz» симфониялық оркестрінің жетекшісі:
Концерт мен күткеннен де жоғары деңгейде өтті. Өте керемет. Біз Бетховеннің скрипкаға негізделген базалық концертімен ұзақ жылдар бойы жұмыс жасадық. Өзіміз ойнап та шықтық. Бірақ дәл Forte Trio-мен бірлескен жұмыста тың идеялар пайда болды. Біз алдағы уақытта тағы қандай жұмыстар жасауымыз керек екендігін түсіндік. Солистер мен оркестрді біріктірудегі жаңа тәсілді көрдік. Маған Қазақстанның осы үш «джентельмені» қатты әсер етті.