Осака қаласындағы EXPO-дағы Қазақстан
павильоны 100 мыңыншы қонағын қарсы алды. Ол - Нара шаһарының 37 жастағы тұрғыны. Акиба Акихито
жапондық жеке меншік қаржылық бастамалар қауымдастығының жоба менеджері. Оның
айтуынша, қазақстандық экспозиция бірегей контент пен жоғары технологиялық
экспонаттарымен қонақтардың қызығушылығын тудырып отыр. Павильон қонағы біздің
елді өз көзімен көргісі келетіндігін айтты.
Акиба Акихито, Қазақстан
павильонының 100 мыңыншы қонағы:
- Қазақстан павильонынан керемет әсер алдым. Әсіресе Сақ мәдениеті мен
«Алтын адам» туралы бейнетаныстырылымдар қатты таңқалдырды. Қазақ хандығының
құрылуы жөнінде білу мен үшін қызықты болды. Тарих мен замануаи технологиялар
шебер үйлестірілген екен. «ALEM» аппараты - өткенін ұмытпай болашаққа ұмтылған
Қазқстанның жарқын көрінісі. Бай мәдениеті мен ерекше тарихы бар ел туралы
білуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.
Қазақстан павильонында еліміздің тарихы, мәдениеті,
салт-дәстүрі мен халқымыздың тұрмысы туралы толық ақпарат алуға болады. Сонымен
қатар, туризм, инновация саласы мен экономикалық және инвестициялық әлеуетпен
танысуға болады. Еске сала кетейік, Осака қаласындағы Дүниежүзілік EXPO көрмесі
қазан айына дейін жалғасады. Ауқымды
іс шараға 158 мемлекет пен 9 халықаралық ұйым қатысып жатыр.

