Қытайлық журналистер Қазақстандағы медиа-турын аяқтады

Қытайлық журналистер Қазақстандағы медиа-турын аяқтады

CGTN Қытай телеарнасының түсірілім тобы Қазақстандағы медиа-турын аяқтады. Олар «Jibek joly/Silk way» телеарнасының командасымен бірлесіп, Алматы қаласы мен  Алматы облысының тыныс-тіршілігі, көрікті жерлері туралы репортаж түсірді. Қазақстанға арналған шығарылым қытайлық халықаралық арнада қазақ, орыс және ағылшын тілінде көрсетіледі. Журналистердің сапары Алатау бөктеріндегі ең көрікті орындарының бірі – Медеуде аяқталды.

Ризагүл Гүлгина, CGTN тілшісі:

- «Жалпы, Алматы бізге өте ұнады. Қала заманауи, айналасын таулар қоршаған, табиғаты ерекше әсем. Мен Қонаев қаласында Қытай мен Қазақстан арасындағы тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық туралы репортаж түсіруге мүмкіндік алдым. Сонымен қатар, табиғи сұлулықты көрсету үшін Медеуге, кеше Көктөбеге бардық. Бұл жерлерде де жемісті жұмыс істедік».

Медиа-тур жетекшісінің айтуынша, бұл сапар тек түсіріліммен шектелмей, екі елдің мәдени және тарихи ынтымағының айғағына айналды. Журналистер Қазақстан халқының тұрмысымен жақын танысып, олардың өмірлік оқиғаларын өз ауыздарынан естуге мүмкіндік алды. Қытайлық әріптестеріміз еліміздің табиғатына, халқымыздың қонақжайлығына тәнті болғандарын жасырмады.

Сюй Чжаоцюнь, CGTN телеарнасының Мәдениет департаменті директорының орынбасары:

- «Медиа-тур барысында біз жергілікті тұрғындармен етене араласып, олардың өмірімен таныстық. Бұл менің жан дүниеме қатты әсер етті. Меніңше, бұл сапар біздің команда жүрегіне достық дәнін септі, ол жыл өткен сайын өсе беретініне сенемін. Бірлескен жұмысымыз өте нәтижелі болды. Біз өзімізбен бірге керемет оқиғаларды алып барамыз – оларды телеарна мен интернет арқылы бүкіл әлемге көрсетеміз. Осы сапардың арқасында дүниежүзі біздің елдер арасындағы достық қарым-қатынастан хабардар болады».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?