Астанада XVIII-XX ғ.ғ. араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған сирек қолжазбалар ұсынылды

Астанада 30 сирек фолиант және 50 манускрипт таныстырылды. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі көрермен назарына өзінің «Ғасырлар Руханияты» экспозициясын ұсынды. Сирек шығармалар араб, парсы және шағатай тілдерінде жазылып, XVIII-XX ғасырлар аралығында жарыққа шыққан.

Сонымен қатар, көрмеде сирек қолжазбалар, тарихи тұлғалардың мөрлері, өңірдің белді айтыскер-ақындары қолданған музыкалық аспаптары да көрмеге қойылды. Шара қонақтарының айтуынша, мұндай шаралар ерекше серпін мен шабыт сыйлайды. Себебі оларда бабалардың тарихи және рухани-мәдени мұрасымен танысуға болады.