Қазақстанда қазақ тілін үйрететін алғашқы онлайн ойын құрылды

Қазақстанда қазақ тілін үйрететін алғашқы онлайн ойын құрылды

Қазақстанда бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрететін алғашқы онлайн ойын құрастырылды. Қолынан смартфон түспейтін қазіргі буынға қазақша тіл ұстартуға таптырмас құрал. Форматы - интерактивті, мазмұны - ұлттық құндылыққа негізделген бұл ойын баланың сөздік қорын молайтып қана қоймайды, қазақша таным-түсінігін кеңейтеді дейді мамандар. Stepp games бірнеше кезеңнен тұрады. Бұған кірген бала арқан тартады, асық ойнайды, тіпті тазы баптап аңға шығады. Ойында балаларға серік болып, жол көрсететін де осы құмай тазы.

Мақпал Жұмабай, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

- Тазы өзіңіз білесіз ұлттық құндылық. Қазіргі кезде қайта жаңғырған, жаңа бір үлкен мағынаға ие  кейіпкер деуге болады. Дәл қазіргі кезеңде біздің бүлдіршіндер А1, А2 деңгейін меңгеріп ала алады. 

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жас ұрпаққа, өскелең ұрпаққа осы заманға технология тілімен қазақтың салтын, дәстүрін ұғындыратын жақсы ойындар керек.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?