Қазақстандық инженерлер байланыс желісін салу үшін Каспий түбін зерттеуді бастады

Қазақстандық инженерлер байланыс желісін салу үшін Каспий түбін зерттеуді бастады

2026 жылдың соңына қарай Транскаспий су асты оптикалық магистралін аяқтау жоспарланып отыр. Отандық инженерлер Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы алғашқы су асты байланыс желісі өтетін аумақтағы теңіз түбін зерттеуді бастады. Порттан Баутиноға толық жабдықталған мамандандырылған кеме жөнелтілді. Сарапшылар топырақтың тереңдігін, құрамы мен тығыздығын зерттейтін болады. Жұмыс Ақтау қаласынан Сумгаитке дейінгі су асты кабельдерін төсеу бағыты бойынша жүргізілетін болады. Әзербайжан тарапынан да зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, екі жағалауды су асты кабельімен жалғау туралы келісім екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Есептеулер бойынша, желі секундына 400 терабитке дейін жеткізе алады.

Азамат Серіктаев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы:

– Біз осы жобаны жүзеге асырғаннан кейін осы Еуропа мен Азия деректерді жөнелту үлесін елеміздің үлесін 5 пайызға дейін көтермекшіміз. Бұл ең бастысы интернеттің сапасы, қолжетімділігі артады. Жалпы еліміздің инфо-телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға үлкен үлес қосады осы жоба жалпы. 2026 жылдың соңында жүзеге сарылып, іске қосылып, бірінші деректер өтетін болады бізің еліміз арқылы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?