Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді

Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінеді

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қазақстандықтар жалпы құны 82 млрд теңгеге 13 мыңнан астам шағын несие рәсімдеді. Микрокредиттердің 80%-ға жуығы мал шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы вице-министрі мәлімдеді. Ербол Тасжүреков бағдарламаға былтыр бөлінген 100 млрд теңгені игеру әлі жалғасып жатқанын атап өтті. Жобаны іске асыруда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Оның аясында 6 млрд 200 млн теңгеге 299 фермерлік бірлестік қаржыландырылды. Бүгінде олардың қатарын арттыру қамында өзге де мемлекеттік қолдау тетіктері бар. Бұл ретте жергілікті әкімшіліктердің тарапынан бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен базарлар мен жәрмеңкелерде орындар беру және аймақтағы ірі кәсіпорындарды тартуда демеу жасалады. Жалпы, кәсіподақ агенттігінің мәліметінше, биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін тағы 100 млрд теңге бөлу көздеп отыр. Оны жетілдіру үшін арнайы сараптамалық топ құрылды.

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ешқандай шектеу жоқ. Кез келген кәсіп түрін қолдауға дайынбыз.  Ең  бастысы олар белгіленген қаржыландыру шегінен аспаса болғаны. Жеке тұлғаға 8,5 млн, ал үш немесе оданда көп адамнан құралған  кооперативтерге 29,5 млн теңгеге дейін несие беріледі.   Жалпы, біз әрбір берілген шағын несиені микрожоба ретінде қарастырамыз. Мәселен бүгінгі күні 13 мың шағын несие берілді. Олардың барлығы несие. Бизнес жобаларға қатысты түскен өтінімдерге  арнайы қолдау көрсетілді. Бағдарлама қатысушыларының санымен қоса жобалардың сапасына үлкен мән беріледі.