Қазақстандық ғалымдар АӨК өнімдерін ұзақ сақтауға арналған қондырғы жасады

Қазақстандық ғалымдар АӨК өнімдерін ұзақ сақтауға арналған қондырғы жасады

Қазақстандық ғалымдар ауыл шаруашылығы өнімдерін сапасына зақым келместен ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік беретін жаңа құрылғы ойлап тапты. Мысалы, фермерлік өнімдерді өңдеу үшін «Dayar 20» мобильді лио-филизациялық қондырғысы пайдаланылады. Ол төменгі қысыммен мұздатылған тауарлардың суын буға айналдырып, кептіруге мүмкіндік береді. Оны қолданғаннан кейін құрғақ өнімдерді тоңазытқышқа салмай-ақ бөлме температурасында үш жыл бойы сақтауға болады. Бұл ретте көкөністер мен жемістердің түсі, иісі, пішіні ғана емес, құрамындағы дәрумендер де сол қалпы сақталады. 

Алмас Гаухар, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының басшысы: 

- Яғни, көкөніс, ауыл шаруашылық өнімдерін ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндігі бар құрылғы. Ал арнайым қаптамамен 10 жылдан 50 жылға дейн сақтауға мүмкінгі бар. Құрылғының басты ерекшелігі, яғни, ол алыстағы жатқанғ шалғаыдағы жатқан ауылдарға барып, мобильді түрде сол жерде кқөкөністерді сақтауға мүміндік бар. 

Құрылғыны әзірлеушілердің айтуынша, бұл әсіресе еліміздің таулы және шалғай аудандарындағы шаруашылықтар үшін өте қажет. Бұл фермерлер үшін сенімді көмекші ғана емес, технологиялық серпіліс. Ол агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеуші өнеркәсіпті жаңғыртуға жол ашады. Оның үстіне, ғалымдар аталмыш ноу-хау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосатынына сенімді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?