Қазақстан Президенті Ғылым және жоғары білім министрін қабылдады. Саясат
Нұрбек Мемлекет басшысына адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен
таланттарды үздіксіз қолдау тетігін таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еңбек
нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамы
ұсынылды. Жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту шараларына, соның ішінде
«Келешек» механизмі мен саланы қаржыландырудың жаңа моделін енгізуге баса назар
аударылды. Президентке AI-Sana ұлттық қозғалысын ілгерілету және AI-Enabled
University индустрия университетін іске қосу жайы да баяндалды. Жаңа типтегі
бұл жоба білім беру мен өндіріс үдерісіне жасанды интеллектіні пайдаланады. Инновациялық
кластерлер мен ғылым қалашықтары сияқты ғылыми-өндірістік аймақтарды құру
жоспары да таныстырылды. Министр DeepTech пен күрделі өндірістерді дамыту
моделіне көшу жүйелі түрде қолға алынғанын жеткізді. Мемлекет басшысы жоғары
білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма
берді.

