Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді Испанияның Леон
қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын
медальға ие болды. 89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352
келіні бағындырды. Екінші орынды ирандық
Алиреза Абаспур, үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос иеленді. Айта
кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 27 қыркүйекке дейін өтеді. Алдағы
сайыстарда Қазақстан намысын тағы 5
спортшымыз қорғайды.