Қазақстандық әскери институт чехиялық ұшақтармен толықты

Қазақстандық әскери институт чехиялық ұшақтармен толықты

Қазақстандық әскери институт жаңа ұшақтармен толықты. Талғат Бегелдинов атындағы ақтөбелік әскери оқу орнының әуе айлағына екі арнайы көлік Чехия елінен жеткізілді. L-410 ұшағы 19 жолаушыны, яғни парашютистерді десантау үшін шақталған. Сонымен қатар 1 тоннаға дейік жүк тасымалдауға қауқарлы. Толық бакпен сағатына 400 шақырым жылдамдықпен ұшып, 1200 киломметр қашықтықты еңсере алады. Енді бір қабілеті – әуеге көтерілу үшін 400 метрге дейінгі ұшу-қону жолағы жеткілікті. Елімізде бұндай 4 әуе көлігі бар. Бұл әуе кемелері ИКАО халықаралық ұшу талаптарына толық жауап береді. Бұған дейін елдің өзге қалаларында ұшу техникасын үйренген институт курсантары енді бұл дағдыны өз оқу орнында меңгереді.  

Ержан Нілдібаев, ҚР Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары:
-
Біздің курсантар мен әскери ұшқыштар озық үлгідегі жаңа ұшақтарға қол жеткізді.  Алдағы уақытта осы типтегі тағы 4 әуе көлігін алу жоспарда бар. 2030 жылға дейін біз осы жерде үлкен авиациалық техникалар паркін құруымыз керек. Чехия Республикасында арнайы оқытылған отандық инженерлік-техникалық құрам олардың қызметін өздері қамтамасыз ететін болады.