Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен
құттықтады. Мемлекет басшысы хатта
Понтификтің бейбітшілік идеясы мен диалогты ілгерілету жөніндегі дәйекті уағызы
адами қадір-қасиетті дәріптеп, халықтар мен конфессиялар арасындағы өзара
түсіністікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен. Президент Қазақстан
мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз
ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және байланыстарды тереңдету ниетін
жеткізді. Мемлекет басшысы XIV Леоға ізгі мұратын іске асыру жолында зор
денсаулық тілеп, Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да
растады.

