Еуропа қайта құру және даму банкі Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдері мен Иракта банк операцияларын кеңейтуге, сондай-ақ өзінің кредитке қатысты қызметін тиімді етуге ниетті. Еліміз қаржы институтының акционері ретінде оның бұл бастамаларын қолдайды. Сенат тиісті құжаттарды мақұлдады. Жалпы Кәрі құрлық банкінің құрамына 72 ел мен екі халықаралық ұйым кіреді. Қазақстан оған 1992 жылдан бері мүшелік етеді. Сондықтан да бұл заңдар еліміз үшін де миллиардтаған халқы бар Африка және Жерорта теңізі мемлекеттерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етпек. Яғни, олардағы ауқымды жобаларға инвестицияларды жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті
Сенатының төрағасы:
- Мақұлданған заңдар Еуропа қайта құру және даму банкі
қызметінің тиімділігін арттыруды көздейді. Енгізілген түзетулер Қазақстан мен
беделді қаржы институты арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп,
еліміздің экономика саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге оң септігін тигізеді
деп сенеміз.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдердің аумағында мемлекеттік
сатып алуға қатысу жеңілдетіледі. Сенат оны жүзеге асыру кезінде құқықтық негіз
қалыптастыратын заңды мақұлдады. Құпталған құжат енді одақ елдерінің осы
бағыттағы банк кепілдіктерін өзара танылуын қамтамасыз етеді. Бұл осы бірлестік
елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысу үшін бизнеске тең мүмкіндіктер
жасап, тараптар арасында экономикалық белсенділіктің артуына серпін береді, -
дейді сенаторлар.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

