Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер Қазақстанның бірқатар бастамасын қолдады

Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер Қазақстанның бірқатар бастамасын қолдады

Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер Қазақстанның Жасыл қаржы және Орталық банктер кеңестерін құру туралы, сондай-ақ «TURAN» арнайы экономикалық аймағын ашу жөніндегі бастамаларын бірауыздан қолдады. Бішкекте ұйымға мүше елдердің экономика және сауда министрлерінің 13-ші кездесуі өтті. Келелі жиынға Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі қатысты. Бас қосуда Нұрлан Байбазаров Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстаннан келген әріптестеріне біздің еліміз түркі интеграциясының дамуына ерекше мән беріп, бауырлас мемлекеттердің ұсыныстарын әрқашан құптайтынын атап өтті. Бұны өзара экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін Түркі инвестициялық қоры айғақтайды. Тараптар қарым-қатынас аясын арттыру жөніндегі өзге де мәселелерді талқылады. Салалық министрлердің келесі кездесуі Түркістанда өтпек.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?