Қазақстандық әртістер Сингапурдағы Чингай шеруінде ұлттық өнерді танытты

Қазақстандық әртістер Сингапурдағы Чингай шеруінде ұлттық өнерді танытты

Қазақстан тұңғыш рет Азиядағы ауқымды Чингай шеруіне қатысты. Ұлттық өнерімізді таныту үшін «Астана Опера» театры Сингапурға барып қайтты. Ол үшін арнайы вокалдық және хореографиялық өнерді қамтитын бірегей бағдарлама әзірленді. Айта кетейік, жыл сайын Қытай жаңа жылына орай театрландырылған шеру өтеді. Биыл дәстүрлі шара Сингапур тәуелсіздігінің 60 жылдығына орай ұйымдастырылды. Отандық сахна саңлақтарының сапары сол мемлекеттегі Қазақстандық дипломатия өкілдерінің қолдауымен жүзеге асты. Сарапшылар қазақстандық сала майталмандарының халықаралық өнер шеруіне қатысуы әлемдік аренада қазақ мәдениетін танытып, кеңге насихаттау үшін тың серпін болғанын айтады.  Еске салайық, жарты ғасыр бойы жалғасып келе жатқан шеруде әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған актер, музыкант, бишілер мен өзге де шығармашылық ұжымдар өз өнерін паш етеді.

Жанар Абдрахманова, «Астана опера» театрының әртісі, жоба жетекшісі:

- Сингапур тарапымен бірнеше айға созылған келісөздер мен бірқатар онлайн кездесудің нәтижесінде біздің бағдарлама ресми түрде бекітіліп, Чингай шеруіне қатысатын елдер тізіміне енді. Бұл маңызды шараға еліміздің атынан «Астана Опера» театырының шығармашылық ұжымы қатысты. Мен өз әріптестеріммен Қазақстанды халықаралық өнер шеруінде кеңге насихаттай алғаныма өте қуаныштымын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?