Игі іс еліміздің мәдени саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылмақ. Қойылымдардың саны кезең-кезеңімен ұлғайтылады. Мәселен, биыл театрларда 245 спектакль көрсетіледі. Бұл өткен жылғылармен салыстырғанда 62-ге артық. Тұжырымдамада инклюзивті топ балаларына арналған театр труппаларын ашу, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға онлайн спектакльдер ұйымдастыру, жаңа театрлар салу және жас таланттарды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жүзеге асыру да қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Мөлдір Оңдасынова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитеті департаментінің бас сарапшысы:
- Қазақстандағы театр өнерін дамыту – таяу жылдардағы басты міндеттеріміздің бірі. Театр мүмкіндігінше көп азаматтарымызға қолжетімді болуы керек. Әңгіме тек көрермен ғана емес, жас талантты драматургтер туралы да болып отыр. Жаңа авторларсыз даму мүмкін емес, сондықтан біздің министрлік олардың ізденістеріне ерекше мән береді.