Осыдан тура 62 жыл бұрын, 9 қаңтарда Алматы көркем және шежірелік-деректі фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» деп атала бастады. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді. Осы алаңда түсірілген картиналар жыл сайын халықаралық кинофестивальдердің түрлі бағдарламаларына қатысып келеді.
Сергей Әзімов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Бүгінде «Қазақфильм» деген атаусыз қазақ өнері мен мәдениетінің барлық үздік жетістіктері мен жеңістерін елестету мүмкін емес. Бұл бренд, менің ойымша, бұл атау, миллиондаған көрермендер үшін қымбат және ыстық. Сондай-ақ, менің әріптестерімқалыптасқан дәстірлі лайықты түрде сақтапр, өскелең ұрпаққа жеткізіп, жалғастыра алады деп сенемін. Міне, бұны ұрпақтар сабақтастығы дейді.
Соңғы 30 жылда «Қазақфильмнің» 200-ден астам фильмі 300-ден астам түрлі жүлделерді жеңіп алды. Өткен жылы киностудияның он бір көркем фильмі, екі қысқаметражды фильмі, бір анимациялық және бір деректі фильмі жиырма жеті халықаралық кинофестивальге қатысып, бірден жиырма жүлдеге ие болды.