Оралдағы Жайық өзенінде су қайта көтерілді. Қазіргі таңда оның деңгейі қауіпті межеден
асып, 8,5 метрге жетті. Өзеннің жайылуының нәтижесінде саяжай алаптарын су
басты. Сондықтан тасқынға қарсы шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде. Қорғаныс
құрылыстарын нығайту үшін 16 мыңнан астам адам және еліміздің басқа өңірлерінен
тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін
тағы қосымша 500 әскери қызметші мен құтқарушыны жіберуді тапсырды.
Сондай-ақ, су басу қаупі
бар аймақтағы өзендердің бойында топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеру
жүктелді. Айта кетерлік жайт, батыстағы ауылдардың жағдайы тұрақты және
бақылауда. Су тасқыны кезеңі басталғалы өңірдегі Жайық және Шаған өзендерінің
бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынып, оның ішінде Орал қаласында 45
шақырымды құрады