Қазақстандағы Парламенттік реформа: 300 ұсыныс түсті

Қазақстандағы Парламенттік реформа: 300 ұсыныс түсті

Қазақстан Президенті Мемлекеттік кеңесші – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісін қабылдады. Ерлан Қарин жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы баяндады. Оның айтуынша, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғалы азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан 300-ге жуық ұсыныс келіп түсті. Қазір оларды талдау және жүйелеу ісі қолға алынды. Жұмыс тобының екінші отырысында ұсыныстар жан-жақты қарастырылады. Мемлекет басшысы елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңі болатын алдағы парламенттік реформаның мән-маңызына тоқталды. Президент келіп түскен барлық бастаманы жан-жақты қарап, олардың негізінде парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?