Қазақ тілін жетік меңгеремін деушілерге таптырмас құрал. Астанада Жасанды интеллект негізінде құрылған алғашқы отандық аудармашы таныстырылды. Көпфункционалды қолданба сөзді таниды, дауысты синтездеп аудиожазбаға айналдырады. Бұған қоса дыбысталған мәтін нерожелінің көмегімен ер және әйе адамның даусымен сөйлейді. Soyle App деп аталатын платформаны әзірлеу үшін Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының ғалымдарына 5 жыл уақыт кеткен. Осы аралықта бар қажетті мәліметтер жинау, сынақтан өтікзу, лингвистикалық зертеулер сынды ауқымды жұмыстар жүргізілді. Осының нәтижесінде - қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдеріне дәл және сапалы аударуға қабілетті инновациялық өнім жасалды. Отандық ғалымдардың ұзақ жылғы еңбегінің жемісі тілдік кедергілерді жоюға бағытталған.
Бірегей жобаны әзірлеушілердің айтуынша, қосымша пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді. Бұл – маңызды стратегиялық шешім. Сеанс аяқталғаннан кейін көмекші барлық дербес деректерді бірден жояды. Өнертабыс иелері қосымшаны жаңа қызмет түрлерімен толықтырып, кеңейтуді жоспарлап отыр.
Ұлжан
Бисаринова, Issai деректер сарапшысы:
- Бұл өнімнің қазақстандық аудиторияда мемлекеттік және басқа да тілдерді үйренуге қызығушылық танытқандар үшін пайдасы зор. Яғни қазақша дыбысталған қыстырма және мәтінді орыс, ағылшын мен түрік тілдеріне бірден тікелей аударады. Сондықтан бұған мұқтаж жандарға таптырмас құрал болмақ. Бұл отандық баламасы жоқ бірегей жоба. Бұған қоса, дыбыстық сүйемелдеуімен қатар жүреді. Яғни, Google Translate, Яндекс Translate-те сіз қазақ тілін естімейсіз. Ол тіпті мәтіннен бөлек ауызша айтылған әр сөзді өзге тілдерге аударып дыбыстап береді.
Жеңіс Ермұқанов.

