Түркі мемлекеттері электоралды ынтымақтастықты нығайтады

Түркі мемлекеттері электоралды ынтымақтастықты нығайтады

Түркі мемлекеттері электоралды ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің орталық сайлау органдары өкілдері Консультативтік платформа туралы ережеге қол қойды. Шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан тарабы қатысты. Консультативтік платформаны құру бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен  Түркі мемлекеттері Ұйымының мерейтойлық саммитінде ұсынған болатын. Консультативтік алаң сайлау құқығы мәселелері бойынша елдер арасында өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Біз жылдам ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл қандай да бір іс шарада жедел басқосуға, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізуге, барлығымызға маңызды әрі қызықты болатын зерттеулер жүргізуге үлкен қолдау. Бізді көп нәрсе біріктіреді. Түбі бір тарихымыз, даму векторымыз бар. Ортақ проблемаларымыз да жоқ емес. Қазір біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Мұның бәрі біздің сайлаушымыз үшін қажет. Ол еркін, инклюзивті және әділ сайлауға қол жеткізуі тиіс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?