Үкімет басшысы әлемдік теміржол тасымалының көлемі салыстырмалы түрде тұрақты болып қалғанын және алдағы 10 жылда екі есеге жуық өседі деп болжанып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуын барынша тиімді пайдалануға және транзиттік жүк ағындарын байланыстыратын ірі көлік тораптарының біріне айналуға ниетті. Атап айтқанда, Еуропа мен Азия елдері арасындағы тауар айналымының қарқынды өсуі аясында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың перспективасы жоғары. Өз кезегінде локомотив шығаратын кәсіпорын басшылығы өндірісті кеңейту үшін инвестиция құйып үлгергенін баса айтты. Сонымен қатар компания қызмет көрсету сапасын арттырып, «жасыл» инновацияларды енгізіп, аймақтың басқа елдеріне экспортты арттыруды көздеп отыр.